×

Астанада алғаш рет ATP 500 турнирі өтеді

Оған әлемнің мықты теннисшілері жиналады

 Дастан Жұмабекұлы 22.07.2022 | 11:54
Көрнекі фото

Астанада 1-9 қазан аралығында Astana Open ATP 500 турнирі өтеді.

Теннис федерациясының хабарлауынша, Қазақстанда мұндай деңгейдегі жарыс алғаш рет ұйымдастырылып отыр. ATP 500 ­- «Үлкен дулыға» және ATP Masters 1000 додаларынан кейінгі үшінші деңгейдегі жарыс болып есептеледі. Ойындар Ұлттық теннис орталығының корттарында болады.

АTP-ның Қазақстанға осындай деңгейдегі жарысты өткізуді сеніп тапсырғанына қуаныштымын. Бұл елімізде теннисті дамыту үшін әлемдік озық тәжірибені пайдаланудағы бағытымыздың дұрыстығын көрсетеді, - деді Қазақстан теннис федерациясының президенті, Халықаралық теннис федерациясының (ITF) вице-президенті Болат Өтемұратов.

Astana Open-ге әлемдегі үздік 10 теннисшінің қатарына кіретіндер қатысады. Соның ішінде әлемнің бірінші ракеткасы, АҚШ ашық чемпионатының жеңімпазы, ресейлік Даниил Медведев бар. Бұл жарысқа биылғы «Уимблдон» турнирінің жеңімпазы серб Новак Джокович те қатысуы мүмкін.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама