×

Конференция лигасы: «Астана» «Ракувтан» ірі есеппен жеңілді

 «Қызылжар» мен «Қайрат» та  жарысты сәтсіз бастады

 Дастан Жұмабекұлы 22.07.2022 | 09:45
фото: vesti.kz

Футболдан «Астана» клубы UEFA Конференция лигасының екінші іріктеу сатысындағы алғашқы ойынын сырт алаңда Польшаның «Ракув» командасымен өткізіп, 0:5 есеппен ұтылды.

Алаң иелері ойын бастала сала есеп ашты. 4-минутта Иван Лопес алғашқы голдың авторы атанды. Одан кейін 41 минутта Матеуш Вдовяк есепті 2:0-ге жеткізді.

Екінші таймда Владислав Гутковский (65-минут), Владислав Кочергин (76-минутта) гол соқты. Ал матчтың негізгі уақытына қосылған бес минутта «Астананың» қақпасына 11 метрлік айып добы белгіленіп, Фран Тудор мүлт кеткен жоқ. Осылайша «Астана» қарсыласына 0:5 есебімен жеңіліп қалды. Келесі ойын 28 шілдеге белгіленген.

Сондай-ақ осы күні Петропавлдың «Қызылжары» Хорватияның «Осиек» командасынан 1:2 есебімен жеңілсе, «Қайрат» өз алаңында Венгрияның «Кишварда» клубынан 0:1 есебімен ұтылды. Ал Қостанайдың «Тобыл» командасы Гибралтардың «Линкольн Ред Импс» жасағын 2:0 есебімен ұтты. Келесі матчтар 26-28 шілдеде болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама