×

Түркістан облысы құрылғалы бері 400-ден астам жемқорлық қылмысы тіркелген

Жыл сайын 80-нен астам лауазымды тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылады

 Жандос Байділда 18.11.2021 | 18:19
көрнекі фото: ашық дереккөзден

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Марат Ахметжанов Түркістан облысының активімен кездесуінде облыстағы сыбайлас жемқорлық қылмысына қатысты статистиканы жариялады.

Агенттік төрағасының айтуынша, Түркістан облысы құрылғалы бері өңірде 400-ге жуық сыбайлас жемқорлық қылмысы тіркелген. Жыл сайын қылмыстық жауапкершілікке тұрақты түрде 80-нен астам лауазымды тұлға тартылады (2019 жылы - 106, 2020 жылы - 79). Биылдың өзінде 50 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылып, олардың 28-і сотталған.

Ведомство басшысы Марат Ахметжанов облыс активіне агенттіктің Түркістан облысы бойынша департаментінің жаңа басшысы, генерал-майор Қ. Қожахметовты таныстырды. Осы лауазымға тағайындалғанға дейін ол агенттіктің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы қызметін атқарды.

2018 жылдың 18 маусымында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы заңының тоғызыншы бабына сәйкес, Шымкент қаласына республикалық маңызы бар қала мәртебесін беру және облыс орталығын Түркістан қаласына көшіру туралы жарлыққа қол қойды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама