×

Орталық Азия елдері басшыларының мәлімдемесі

Консультативтік кездесудің бірлескен құжаты қабылданды

 Дастан Жұмабекұлы 21.07.2022 | 15:52
фото: Ақорда

Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласында өткен Орталық Азия мемлекеттері басшыларының IV Консультативтік кездесуінде қорытындысы бойынша бірнеше маңызды құжаттар қабылданды.

Бұл туралы Ақорданың БОРТ №1 Тelegram-арнасы хабарлады.

Атап айтқанда, жиын соңында Орталық Азия мемлекеттері басшыларының Консультативтік кездесуінің бірлескен мәлімдемесі, Өңірлік ынтымақтастықты дамытудың 2022-2024 жылдарға арналған жол картасы, Орталық Азия мемлекеттерінің көпжақты форматтар аясындағы өзара іс-қимылдар тұжырымдамасы, Орталық Азияға арналған «Жасыл күн тәртібі» аймақтық бағдарламасы қабылданды.

Бұдан басқа Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан Республикасы, Түрікменстан және Өзбекстан Республикасы арасындағы Орталық Азияны ХХІ ғасырда дамытуды көздейтін достық, тату көршілік және ынтымақтастық туралы шарт келісілді және оған қол қою рәсімі басталды. Сонымен қатар Аралды құтқару халықаралық қорының құрылтайшы мемлекеттері басшыларының Аралды құтқару халықаралық қоры президентінің өкілеттіктерін ұзарту туралы шешімге қол қойылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама