×

Президент Орта Азия елдеріне ортақ телеарна немесе сайт құруды ұсынды

«Халықтарды жік-жікке бөлуге, қарым-қатынасымызды бұзуға бағытталған кез келген әрекеттерге қарсы бірігуіміз керек»

 Бауыржан Мұқанов 21.07.2022 | 12:38
Сурет: Президенттің баспасөз қызметінен

Бүкіл өңірге зиян келтіретін ақпараттық кеңістіктегі келеңсіз құбылыстардың алдын алу үшін өзара іс-қимылды күшейту керек еді, деді Мемлекет басшысы Орталық Азия мемлекет басшыларының IV Консультативтік кездесуінде.

«Бұл жұмыстың мәні біздің достығымыздың мызғымастығы болуы керек.

Біз мемлекетаралық және ұлтаралық араздықты қоздыру арқылы халықтарды жік-жікке бөлуге, қарым-қатынасымызды бұзуға бағытталған кез келген әрекеттерге қарсы бірігуіміз керек.

Өкінішке қарай, аймақ елдеріндегі өмірді көрсетуде біздің БАҚ толық көрсетіп жатқан жоқ. 

Бұл үрдісті өзгерткен жөн, бәлкім, аймақтық телеарна немесе жаңалықтар сайтын құру керек болар.

Осы тармақтарды егжей-тегжейлі зерделеу үшін Орталық Азияның тиісті ведомстволары мен ақпарат агенттіктері басшыларының кездесулерін жүйелі түрде өткізген тиімді болар еді».

Серіктес жаңалықтары

Сараптама