×

Жәнібек Әлімханұлы толыққанды чемпион дәрежесін жекпе-жексіз алуға таяу

Тараптар 30 күн ішінде келісімге келуі керек

 Еркеғали Болатұлы 21.07.2022 | 10:46
фото: ашық дереккөз

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (12-0, 8 КО) жекпе-жексіз-ақ орта салмақта WBO чемпионы атануы мүмкін деп хабарлады Vesti.kz.

Мұның алдында WBO осы титулға ие америкалық боксшы Деметриус Андрадені (31-0, 19 КО) қазақстандыққа қарсы чемпиондығын қорғауға міндеттеген. Тараптар 30 күн ішінде келісімге келуі керек. Егер Андраде қандай да бір себеппен жекпе-жекке шықпайтын болса, Жәнібек Әлімханұлы WBO ұйымының толыққанды чемпионы дәрежесіне көтеріледі.

Еске сала кетсек, мамырда Әлімханұлы екінші раундта британиялық Дэнни Дигнумды (14-1-1, 8 КО) нокаутқа түсіріп, WBO ұйымының «уақытша» чемпионы атанған болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама