×

Жоғарғы сот алдында өзін өртемек болған азамат 5 тәулікке қамалды

Ол Түркістан сотында ісі қаралып жатқан жәбірленушінің ағасы

 Ая Өміртай 21.07.2022 | 10:33
фото: sud.gov.kz

20 шілдеде түркістандық азамат Жоғарғы сот ғимаратының алдында үстіне бензин құйып, өзін-өзі өртемек болған, деп хабарлайды Halyq Uni.

Нұр-Сұлтан қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты хабарлағандай, оған қатысты «ұсақ бұзақылық» бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды.

Азаматтың түсініктемесі бойынша, ол Түркістан облысының бірінші сатылы сотында қаралып жатқан қылмыстық іс бойынша жәбірленушінің ағасы.

«Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты бұл азаматты ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі бойынша құқық бұзушылық жасағанына кінәлі деп танып, 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алды. Сот жазаны қоғамға теріс әсер ететін және қоғамға құрметсіздік білдіруге бағытталған, қасақана әрекеттің дәрежесі мен сипатын ескере отырып тағайындады», - делінген хабарламада.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама