×

Буаз биені көлікпен әдейі таптаған жүргізуші 10 күнге қамауға алынды

Ол көлікпен жылқыны өлтіргенін «жүйкесінің тозғанымен» түсіндірді

 Дастан Жұмабекұлы 21.07.2022 | 09:45
Фото: egovpress

Алматы облысының Қосөзен (Междуреченск) ауылының 38 жастағы тұрғыны жол талғамайтын көлікпен биені әдейі таптағаны үшін 10 күнге қамалды.

Бұл туралы КТК арнасы хабарлады.

Ол жылқынының ауласына жиі кіріп, бау-бақшаны таптап кете берген соң «жүйкем тозды» деп түсіндірген.

Осы оқиғадан кейін ауыл тұрғындары жазықсыз малды өлтірген адам бостандықта жүргенін айтып, шу шығарған. Сот жылқыны көлікпен таптаған тұрғынды 10 күнге қамау туралы шешім шығарды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама