×

Жылқыны әдейі таптаған жүргізуші кешірім сұрады

Халықтың кешіретінін біліп, жүйкесі сыр берген соң өлтірген

 Дастан Жұмабекұлы 20.07.2022 | 11:09
Фото: egovpress

Алматы облысы Междуреченск ауылының 38 жастағы тұрғыны көлігімен жылқыны әдейі басқаны үшін кешірім сұрады.

Видео Telegram-дағы Kris_p_almaty арнасында жарияланды.

Жылқыны әдейі басқаным кешірім сұраймын. Менің жүйкем сыр берген еді. Өйткені, ол бау-бақшамды құртып, егістігімді таптап кетті. Жануардың иесінен кешірім сұраймын. Әрине, менің бұл тірлігім дұрыс емес. Кінәмді толығымен мойындаймын», – деді ол.

Алматы облысында 38 жастағы тұрғын ауылдасымен жанжалдасқаннан кейін көлігімен жылқыны басып кеткен еді. Оған ешқандай шара қолданылған жоқ. Жылқының иесі жүргізушіні кешірген.  Алматы облысының полиция департаменті іс екі тараптың келісімге келіп, татуласуымен аяқталғанын мәлімдеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама