×

Нұр-Сұлтанда медицина қызметкері қамауға алынды

Қаулы заңды күшіне енген жоқ

 Халық үні 20.07.2022 | 05:29
фото: ашық дереккөзден

Елордада лифт ішінде дәрет сындырған медицина қызметкері 5 тәулікке қамауға алынды. 

Оған қатысты ӘҚБтК 434-бабы 1-бөлігі «Ұсақ бұзақылық» бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды.

«Сот отырысы барысында құқық бұзушы өз кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкінді. Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот оны қоғамға әдепсіздік танытқаны және қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі бойынша құқық бұзушылық жасағанына кінәлі деп танып, 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алды», - деп көрсетті Нұр-Сұлтан қалалық сотының баспасөз қызметі.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама