×

Өз анасын өлтірген 16 жастағы қыздың ісі: айыпталушы жігіт жауабынан айныды

Ол марқұмға бірнеше мәрте пышақ сұққан туған қызы екенін айтты

 Дастан Жұмабекұлы 19.07.2022 | 18:39
фото: 24.kz

Ақтөбе қаласында сүйіктісінің анасын өлтірдім деп ауыр қылмысты мойнына алған 18 жастағы колледж студенті бұған дейін айтқанынан айныды.

Бұл туралы «Хабар 24» хабарлады.

Айыпталушы «марқұмға бірнеше мәрте пышақ сұққан туған қызы» дейді.

Сәуір айында 16 жастағы оқушы қыз бен оның кәмелетке толған жігіті «адам өлтірді» деген күдікпен тұтқындалған болатын. Алайда бұған дейін айыпталушы жігіт қылмысты тек өзім ғана жасадым деген еді. Бүгін өткен кезекті сот тергеуінде жанжалдың соңы төбелеске ұласқандығы белгілі болды. Ішімдік ішкен әйел пышақ ала жүгіріп, қоқан-лоққы көрсеткен. Жігіт оның қолындағы суық қаруын қағып, сабасына түсіру үшін буындыра бастаған. Сол кезде қасында тұрған қыз баладан көмек сұрапты. Айыпталушы жігіт «өлтіру ойда болған жоқ, тек арашаға түс дегендей ишарат еттім» дейді. Бірақ сол маңда жатқан пышақты жүрек тұсына бірнеше мәрте сұққан марқұмның туған қызы деп отыр. Тараптар енді оқушы қыздың жауабын тыңдайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама