×

Ресей украиналық журналист Гордонға іздеу жариялады

Бұған дейін Росфинмониторинг оны террористер мен экстремистердің тізіміне қосқан болатын

 Дастан Жұмабекұлы 19.07.2022 | 18:22
фото: mediakritika.by

Ресей Федерациясы украиналық журналист Дмитрий Гордонға іздеу жариялады.

Бұл туралы Ресейдің ІІМ хабарлады.

Іздестіру қылмыстық іс шеңберінде жүргізіледі.

Бұған дейін Ресейдің тергеу комитеті Гордонға қарсы «агрессивті соғысты бастауға үндеу, ұлтараздықты қоздыруға бағытталған әрекеттер, сондай-ақ Ресей Федерациясы Қарулы күштерінің әрекеттері туралы жалған ақпарат тарату туралы» баптар бойынша бірнеше іс қозғаған болатын.

Гордон украиналық телеарнаның тікелей эфирінде Ресей Федерациясына қарулы шабуыл жасауға және оған қарсы ядролық қаруды қолдана отырып агрессивті соғыс бастауға шақырды», – деп мәлімдеді комитет.

Кейінірек Росфинмониторинг журналисті террористер мен экстремистер тізіміне қосты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама