×

Нұрсұлтан Назарбаевтың елордадағы cаяжайы сатылымға шығарылды

Ол гольф клубы бар 1600 шаршы метр жерді алып жатыр

 Еркеғали Болатұлы 19.07.2022 | 18:10
фото: krisha.kz

Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың елордадағы саяжайы Krisha.kz сайты арқылы 3,5 млрд теңгеге сатылымға шығарылды. Бұл туралы бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы фонд-бюросы Telegram-арнасы хабарлады.

Хабарландыруда гольф клубы бар 1600 шаршы метр резиденцияның сатылатыны жазылған.

ТАМАША РЕЗИДЕНЦИЯ. Иелері өздері үшін салған, құрылысшылар мен дизайнерлер Италиядан шақырылған. Жүзу бассейні Олимпиадаға дайындау орталықтарынікімен бірдей, соңғы технологиялар бойынша жеке станция орнатылған. Үйде әуесқойлар үшін өте қымбат пианино бар. Үй дизайны неоклассикалық түрге жатады. Аумақта шале стиліндегі екінші қонақ үй бар. Өз бау-бақшасы немесе орман-тоғай алқабы бар. Нұра өзенінің жағасында суға түсуге арналған жағажайы (пирс) бар 1 гектар жер учаскесі, - делінген хабарламада.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы фонд-бюросының хабарлауынша, сатылымдағы бұл нысанның орналасқан жері мен қолжетімділігі Нұрсұлтан Назарбаевтың саяжайымен сәйкес келіп тұр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама