×

Қаңтар оқиғасы: Кәрім Мәсімовті қамауда ұстау мерзімі тағы ұзартылды

Экс-басшы мемлекетке опасыздық жасады деген күдікке ілінген

 Дәурен Ерболат 19.07.2022 | 18:09
Фото: Halyq Uni

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов пен оның орынбасарларын қамауда ұстау мерзімі тағы ұзартылды.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің экс-төрағасы Кәрім Мәсімов пен оның орынбасары Әнуар Садықұловты қамауға алу мерзімі 6 тамызға дейін ұзартылды. Екінші орынбасар – Дәулет Ерғожинді ұстау мерзімі 13 тамызға дейін ұзартылды, - деп жазылған хабарламада.

Бүгінде Кәрім Мәсімовтің қамауда отырғанына 6 ай болды.

Айта кетейік, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы мен оның орынбасарларына қатысты іс Қылмыстық кодекстің бес бабы бойынша тергеліп жатыр:

  • «Мемлекетке опасыздық жасау»;
  • «ҚР Конституциясын бұзып, билiктi күшпен басып алуға немесе билiктi күшпен ұстап тұруға не ҚР конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге бағытталған әрекеттер»;
  • «Қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе)өзге мүлікті заңдастыру (жылыстату, адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаған дәл сол іс-әрекеттер»;
  • «Билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану»;
  • «Пара алу».

Серіктес жаңалықтары

Сараптама