×

Өскеменде есепші 13,5 млн теңгені жымқырған

Ол 7 жылдан 12 жылға сотталуы мүмкін

 Дастан Жұмабекұлы 19.07.2022 | 15:59
фото: opennews.kz

Өскеменде жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің есепшісінің 13,5 млн теңгені иемденіп алғаны анықталды.

Бұл  туралы polisia.kz хабарлады.

Өскемен қалалық полиция басқармасының қызметкерлері қаладағы ЖШС бірінде істейтін адамның арызы бойынша  2020 - 2021 жылдары жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің  бухгалтері өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, кассадан жалпы сомасы 13 485 062 теңге ақшаны заңсыз иемденгенін анықтады.

Жедел-іздестіру іс-шара кезінде полицейлер 50 жастағы күдіктіні ұстады. Ол өз кінәсін мойындады.

Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігі (Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе талан-таражға салу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Осы бап бойынша сотталған адам барлық мүлкінен және 7 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылады. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама