×

Түркия мен Грекия соғысуы мүмкін. Екі ел арасындағы қарулы қақтығыс ықтималдығы артты

Гректер Марица өзенінің маңында ондаған танк, 60-қа дейін бронетранспортерлер мен жаяу әскерлердің әскери техникасын жеткізген

 Қанат Атаманов 18.07.2022 | 23:00
Фото: ашық дереккөздерден

Грекия өзінің қарулы күштерін Түркия шекарасына іргелес аймаққа тартып жатыр. Түркияның барлауының хабарлауынша, гректер Марица өзенінің маңында ондаған танк, 60-қа дейін бронетранспортерлер мен жаяу әскерлердің әскери машиналарын жеткізген. Анкара гректердің мұндай әрекеттері Афинаның Батыс Фракиядағы түрік армиясымен кең ауқымды әскери қақтығысқа дайындалып жатыр деп санайды, деп хабарлады avia.pro порталы.

Әскери техника Түркия шекарасынан үш шақырым қашықтық жерде жаппай орналастырылған. Бұл Афина мен Анкара арасындағы қарулы қақтығыстың басталуына түрткі болуы мүмкін.

Батыс Фракиядағы ақпарат көздері таратқан фотосуреттер мен ақпаратқа сәйкес, Грекия бронды машиналар мен танктерді Түркия шекарасына қарқынды түрде жіберіп жатыр. Дәл қазіргі уақытта гректер өзен жағасында танкке қарсы траншеяларды қазуды бастады, – деп атап өтті түрік ақпараттық ресурстары.

Сондай-ақ, журналистер маусым айының басында Анкараның қауіп-қатеріне байланысты Афина Эгей теңізінің шығыс бөлігіндегі әскерін жоғары жауынгерлік дайындыққа әкелгенін жазуда. Алайда, Грекия тарапынан бұл туралы ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

Теориялық тұрғыдан алар болсақ, Солтүстік Атлантикалық одаққа мүше екі ел арасында шекара маңындағы қақтығыстар болуы ықтимал. Өйткені қос тараптың бір-біріне деген аумақтық талаптары бар. Бірақ екі мемлекет те НАТО-ға мүше және блоктық міндеттемелермен тығыз байланысты. Сонымен бірге, кейбір батыс бақылаушылары Түркия мен Грекия арасындағы қақтығыс НАТО үшін «қорқынышты» сценарий болмақ.

Айта кетсек, көрші екі елдің қарым-қатынасындағы «Эгей мәселесі» деп аталатын проблема шешімін таппай отыр. Бұл Түркия мен Грекия арасындағы Эгей теңізіндегі және оның үстіндегі әуе кеңістігіндегі кейбір аумақтардың егемендігі мен сабақтас құқықтарға қатысты даулы тақырыптардың тұтас кешені. 1987 және 1996 жылы бұл тақырып көрші мемлекеттер арасындағы қарулы қақтығысқа жақын дағдарыстық жағдайларға әкелген болатын. Демек, ең жоғары деңгейдегі саясаткерлер жинақталған қайшылықтарды шешудің күштік нұсқасын жоққа шығармайды.

Соңғы жылдары Эгей теңізіндегі Афина мен Анкара арасындағы шиеленіс мигрант дағдарысына байланысты өсті. Түркия көршісін Еуропа елдеріне ағылған заңсыз мигранттарды «кері қайтарды» деп айыптауда. Түркияның Daily Sabah басылымы атап өткендей, жүздеген мың босқын Эгей теңізі арқылы қауіпті саяхаттар жасап, Солтүстік және Батыс Еуропаға жақсы өмір іздеп баруда. Бұл орайда Түркия мен Грекияның мигранттар үшін негізгі транзиттік пункт екенін атап өткен жөн.

Өз кезегінде Анкара Афинаны босқындарды қабылдаудан, депортациядан және мигранттарға баспана беруден бас тартты деп айыптады. Бұл халықаралық құқықты бұзу болып табылады. Сондай-ақ, Анкара ЕС-ты «адам құқықтарының өрескел бұзылуына» көз жұмды деп айыптады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама