×

Бұқтырмада 24 адам суға батып кете жаздады

Құтқаруға бірінші болып сол маңда жүрген төрт ер адам келген

 Дастан Жұмабекұлы 18.07.2022 | 14:26
фото: видеодан скриншот

Бұқтырма су қоймасында кемедегі 24 адам суға батып кете жаздады.

Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

17 шілдеде сағат 19.00 шамасында Ұлан ауданындағы Бұқтырма су қоймасының бойындағы «Аюда» демалыс базасынан үш шақырым жерде екпіні 20 м/с жеткен қатты желдің салдарынан жолаушылар тасымалдайтын кеме суға бата бастаған. Кеме «Садко» демалыс базасынан «Аюда» базасына қарай жүріп келе жатқан. «Бортта 24 адам (21 жолаушы және 3 экипаж мүшесі) болған, –  делінген хабарламада.
 

ҚазТАГ-тың мәліметіне қарағанда, құтқарушы плот ұйымдастырылып, 21 жолаушы, оның ішінде 9 бала аман-есен «Аюда» базасына жеткізілген.

Облыстық ТЖД-нің хабарлауынша, батып бара жатқан кемедегі адамдарды құтқаруға бірінші болып сол маңда жүрген төрт ер адам келген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама