×

ЕҚЫҰ Ресейді адамзатқа қарсы геноцид жасап жатыр деп айыптады

Баяндамалар Бас Ассамблеяға 2022 жылғы қазан айында тапсырылады

 Дастан Жұмабекұлы 18.07.2022 | 12:57
фото: moscowtimes.ru

Еуропа қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) сарапшылары Ресейдің Украинада жасап жатқан адамзатқа қарсы қылмыстарын құжатқа түсірді.

Бұл туралы The Moskow Times порталы хабарлады.

Ұйымның есебінде қылмыс туралы жан-жақты айтылады.

Баяндама авторлары Киевке, Буча мен Ирпеньге барып, халықаралық гуманитарлық құқық пен Женева конвенциясының «өрескел бұзылуы» фактілерін өз көздерімен көріп қайтқан. Олар кісі өлтіру, әйел зорлау, адам ұрлау, азаматтық нысандарға шабуыл жасау, соғыс тұтқындарына зәбір көрсету, бейбіт тұрғындарды жаппай көшіріп әкету секілді «кең ауқымды немесе тұрақты шабуыл жасаудың айғақты дәлделдері табылғандарын» мәлімдеді.

ЕҚЫҰ миссиясының хабарлауынша, Украинада соғыс басталғалы 1,3 млн адам Ресейге күштеп әкетілген.

Есеп Ресей әскери қызметкерлері жасаған арсыз айуандықтар, адам құқығын бұзу мен қастандық жасау фактілерін құжатқа түсіруге мүмкіндік береді, – деді АҚШ-тың ЕҚЫҰ-дағы тұрақты өкілі Майкл Карпентер.

Қазір Украинадағы соғыс қылмыстарын зерттеумен Еуропа мен Украинаның құқық қорғаушылары, сондай-ақ БҰҰ өкілдері шұғылданып жатыр. Олар өз зерттеулері мен тексерулерінің қорытындылары бойынша жазылатын баяндамаларын Бас Ассамблеяға 2022 жылғы қазан айында тапсырады. Ал БҰҰ-ның адам құқығы жөніндегі кеңесіне 2023 жылғы наурызда ұсынады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама