×

Нұр-Сұлтанда 22 автобустың жүру бағыты өзгерді

М-1 көпірінде жөндеу жүргізілуіне байланысты автобустар бағдары өзгерді

 Халық үні 17.07.2022 | 17:17

16 шілде - 15 тамыз аралығында М-1 көпірінде жөндеу жүргізілуіне байланысты автобустар бағдары өзгерді, деп хабарлайды  CityTransportationSystems.

Мәңгілік ел даңғылындағы жол жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты, №№ 12, 15, 15А, 18, 19, 21, 28, 30, 32, 35, 40, 43, 46, 47, 50, 51, 52, 54, 56, 60, 61, 70 бағдарларының қозғалыс сызбасына уақытша өзгертулер енгізілді.

Бағдарлардың өзгерген қозғалыс сызбасымен суреттен қарап таныс бола аласыздар.

16 шілде - 15 тамыз аралығында М-1 көпірінде жөндеу жүргізіледі. Осы уақытта М-1 көпірінің Бауыржан Момышұлы даңғылынан бастап Мәңгілік ел даңғылы - Сарайшық көшесі қиылысындағы көлік айырымына дейінгі бөлігі қозғалыс үшін ішінара жабылады.

 


 


 

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама