×

Алматыда бойжеткенді аяусыз сабаған күдікті ұсталды

Алматыда соққыға жығылған қыздың видеосы әлеуметтік желіде тарады

 Халық үні 17.07.2022 | 17:04
Фото: видеодан кадр

 «Төле би – Байтұрсынов қиылысы, АТУ-ға тура қарама-қарсы, қыз соққыға жығылды, себебі әзірге белгісіз», - деп жазды желі қолданушылары.

Алматы Полиция департаменті әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында әйелді ұрып-соғу дерегі анықталғанын мәлім етті.

«Алматы қаласының Полиция департаменті бұл факті ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелгенін хабарлайды. Жәбірленушінің танысы болып келетін күдікті ұсталды. Қылмыстық іс шеңберінде тиісті сараптамалар тағайындалды. Кінәлі адам заңға сәйкес қатаң жазаланатын болады. Тергеу барысы Полиция департаменті басшылығының бақылауында», - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама