×

АЭС: Америка Қазақстанды жаңа технологиялармен танысуға шақырды

Қазақстанда алғашқы АЭС салуға төрт мердігердің тізімі жасалған еді

 Халық үні 17.07.2022 | 13:38
Фото: ашық дереккөздерден

Бұл туралы Энергетика министрі Болат Ақшолақов пен АҚШ-тың Қазақстандағы уақытша сенімді өкілі, АҚШ Мемлекеттік департаментінің «Қауіп-қатерді бірлесіп азайту» бағдарламасының ядролық қаруды таратпау жөніндегі халықаралық қауіпсіздік бюросының өкілдерімен кездесуде айтылды.

Бағдарлама ядролық қауіпсіздік пен оны таратпау жөніндегі халықаралық стандарттарға сәйкес атом энергетикасын дамытудың ұлттық бағдарламасын әзірлеуде әлеуетті арттыруда АҚШ-тың әріптес елдеріне қолдау көрсетуге бағытталған.

Бағдарлама әлемде енгізіліп жатқан АЭС-ке арналған озық ядролық технологиялармен және жаңа инновациялармен танысуға мүмкіндік береді.

Еске салайық, Қазақстанда алғашқы АЭС салуға төрт мердігердің тізімі жасалды.  

Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі мәліметінше, «Самұрық-Қазына» қоры ведомство және мүдделі ұйымдармен бұрын ұсынылған ұсыныстар негізінде алты әлемдік мердігер технологиясын қарады. Олар - америкалық NuScale Power, америка және жапондық GE-Hitachi, кореялық KHNP, қытайлық CNNC, ресейлік «Росатом» және Франциядағы EDF.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама