×

Жетісуда заңсыз берілген 14 пәтер мемлекетке қайтарылды

Талдықорғанда арнайы комиссияның тексеруінен кейін 14 пәтер мемлекет меншігіне қайтарылды

 Халық үні 17.07.2022 | 13:31
Фото: ашық дереккөздерден

Бұған дейін Талдықорған әкімі соңғы бес жылда мемлекеттік қордан 1000-нан астам пәтер мен үй заңсыз берілгенін хабарлаған болатын. Арнайы құрылған жұмыс тобы жыл басынан бері коммуналдық тұрғын үй қорын түгендеу жұмыстарымен айналысып келеді.

Жұмыс нәтижесінде қаланың тұрғын үй қорында тіркелген, бірақ бос тұрған баспаналар анықталды.

16 шілде күні Жетісу облысы прокурорының орынбасары және Талдықорған қаласы прокуроры тұратын пәтерлер тексерілді. Бұл пәтерлер қала әкімдігінің балансында және жекешелендіру құқығынсыз қызметтік болып табылады. Қызметін тоқтатқаннан кейін пәтерлер жаңадан тағайындалған прокуратура қызметкерлеріне қайта бөлінетін болады, – деп хабарлады әкімдікте.

Ақпаратқа сәйкес, алдағы уақытта барлық қайтарылған пәтерлер қолданыстағы заңнама аясында қаланың кезекте тұрған азаматтарына бөлінеді.

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама