×

Александр Бублик ATP-250 турнирінің финалына шықты

25 жастағы қазақстандық ATP турнирінің финалына алтыншы рет шықты

 Халық үні 17.07.2022 | 10:09
Фото: ашық дереккөздерден

Оның еншісінде 2021 жылғы Монпельеде (Франция) өткен ATP турнирінің бір титулы бар.

Қазақстандық Александр Бублик Ньюпортта (АҚШ) өткен ATP-250 турнирінің финалына шықты, – деп хабарлайды Қазақстанның теннис федерациясы.

Жартылай финалда әлемнің 42-ші ракеткасы әлемдік рейтингте 102-ші орында тұрған австралиялық Джейсон Кублерді 6:3, 6:2. Есебімен айқын басымдықпен жеңді.

Ойын 1 сағат 10 минутқа созылды. Бублик 15 соққыны орындап, екі қате жіберді, үш рет үзіліс жасады.

18 шілдеде, финалда Александр америкалық Максим Крессимен кездеседі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама