×

Мағжан – Zagreb Grand Prix-2022 турнирінің алтын жүлдегері

Отандасымыз жарыс жолында Куба, АҚШ, Испания, Түркіменстан және Франция елдерінің намысын қорғаған балуандардан басым түсті

 Қанат Атаманов 17.07.2022 | 07:30
Фото: inform.kz

Қазақстандық дзюдошы Мағжан Шамшадин Хорватияның Загреб қаласында дзюдодан өтіп жатқан Zagreb Grand Prix-2022 турнирінде жеңімпаз атанды.

Жарыстың алғашқы күнінде 60 келі салмақта жас спортшы Мағжан Шамшадин финалда әлем чемпионаты, Азия ойындары және Азия чемпионатында жүлдегерлер қатарынан көрініп жүрген Кореяның тәжірибелі балуаны Ким Вон Жинді ұтты.

Атап айтқанда, отандасымыз жарыс жолында Куба, АҚШ, Испания, Түркіменстан және Франция елдерінің намысын қорғаған балуандардан басым түсті.

Естеріңізге сала кетсек, Мағжан Шамшадин бұған дейін Тель-Авив Grand Slamде қола медаль алған болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама