×

Дариға Назарбаеваның газеті жабылып, бас редакторы мәлімдеме жасады

Ол журналист және кәсіпкер Борис Гиллер ашқан Қазақстандағы алғашқы коммерциялық газет

 Еркеғали Болатұлы 15.07.2022 | 17:38
фото: ашық дереккөз

«Караван» газеті 1 қыркүйектен бастап баспа нұсқасында шығуын тоқтатады. Ал сайты бұрынғыдай жұмысын жалғастыра бермек. Бұл туралы Forbes журналы хабарлады.

Бас редакторы Игорь Шахнович газеттің баспа нұсқасының тоқтатылғанын растады.

Газет рентабельді емес. Сайт қандай режимде жұмыс істесе, сол режимде жұмыс істейтін болады. Біз оны дамытуымыз мүмкін. Бірақ менсіз. Мен кетемін. Сайтты Леонид Юрьев басқарды, ол бас редактор болып қала береді, – деді Шахнович.

Еске сала кетсек, «Караван» 1991 жылы журналист және кәсіпкер Борис Гиллер ашқан Қазақстандағы алғашқы апталық коммерциялық газет. Бүгінде оның құрылтайшысы – Нұрсұлтан Назарбаев қоры құрған «Kazakhstan Today» агенттігі» ЖШС. Ал қордың директоры Дариға Назарбаева.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама