×

«Маған қарағанда...»: Головкин Канелоға қатысты пікір білдірді

Одан басқа тағы не айту керек?

 Еркеғали Болатұлы 15.07.2022 | 13:57
фото: ашық дереккөз

Геннадий Головкин мексикалық Сауль Канело Альвареске көзқарасы қандай екенін айтты деп хабарлады Vesti.kz сайты.

Бұл ретте ол Альварестің ресейлік Дмитрий Биволға қарсы жекпе-жекте жеңіліп қалғанын еске салып, pound-for-pound рейтингіндегі орнын қарамағанын айтты.

«Білмедім. Ол туралы мүлде ойламаймын. Ол туралы ойлау үшін көңіл бөлу керек. Соңғы жекпе-жегінде жеңілгенін білемін. Одан басқа тағы не айту керек? Маған қарағанда оның жеңілісі көп. Басқа не деймін?» - деді Генадий Головкин.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама