×

Ресейде пионерлер болады

Оған 18 млн мектеп оқушысы мен студенттер тартылады

 Дастан Жұмабекұлы 15.07.2022 | 09:43
фото: 9111.ru

Ресей президенті Владимир Путин Кеңес Одағын еске түсіретін пионерия ұйымын қайта жаңғырту жөніндегі заңға қол қойды.

Бұл туралы The Moskow Times порталы хабарлады.

Құжатқа сәйкес, қозғалыстың мақсаты - балаларды Ресей қоғамындағы толыққанды өмірге дайындау, олардың өмірге көзқарастарын қалыптастыру, соның ішінде адамгершілікке, отансүйгіштікке, еңбексүйгіштікке, моральдық қасиеттерге, жауапкершілік сезіміне тәрбиелеу болып отыр.

Бірлестік ұйымдары әрбір мектепте құрылады. Оның бастауыш, жергілікті және өңірлік бөлімшелері, басқармасы, бақылаушы және үйлестіруші кеңестері жасалады. Қозғалыс съездері өткізіледі. Бірақ бірлестікке ешкім мәжбүрлі түрде мүше бола алмайды.

Қозғалыстың арнайы символикасы – төсбелгілері, эмблемалары, жалаулары, галстуктері, анттары болады. Қозғалыстың атауы ұсынылған варианттар арасынан таңдап алынады.

Ұйымға уақыты келгенде 18 млн мектеп оқушысы мен студенттер тартылады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама