×

Президент ресейлік компанияларға жағдай жасауды тапсырды

Қазір дүниежүзінде инвестиция үшін күрес болып жатыр

 Дастан Жұмабекұлы 14.07.2022 | 17:31
фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында Ресей нарығынан кетіп жатқан шетелдік компаниялардың Қазақстанда жұмыс істеуіне жағдай жасауды тапсырды.

Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Қазір дүниежүзінде инвестициялық капитал үшін күрес болып жатқанына куә болып отырмыз. 1 400 шетелдік ірі компанияның тең жартысы жұмысын тоқтатып, Ресей нарығынан кетті. Үкіметке Қазақстанда солардың қолайлы релокациясына жағдай жасау керек. Бұл бізге орта және жоғары бөліністегі тауарлардың өндірісін арттыруымызға мүмкіндік береді.

Мен Үкіметке қайта өңдеу өнеркәсібіндегі инвестициялық жобалардың пулын әзірлеп, оларды әлеуетті инвесторлармен бірге пысықтауды тапсырған болатынмын. Бұл жұмыс әлі күнге дейін мәжілістер мен кездесулер түрінде болып жатыр. Нақты нәтижелер әзірге аз, мақтанарлық көрсеткіш жоқ. Шындап келгенде жаңа жобалар жоқ.  

Тағы қайталап айтамын, бәрінен бұрын жобалар өңірлерде де, жергілікті орындарда іске асырылады. Сондықтан, оған инвестиция тартып, түпкілікті нәтижеге жету жөнінде әкімдерден де министрлерден сияқты сұрау болады, –  деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент отырыста Үкіметке басқа да тапсырмалар берді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама