×

Тоқаев сәби мен ана өлімінің бір себебін айтты

Перинаталдық қызметті тексеруге берілген тапсырма орындалмады

 Дастан Жұмабекұлы 14.07.2022 | 14:30
Көрнекі фото

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында ана мен бала өлімінің бір себебін айтты.

Үкіметтің басты міндетінің бірі – ана мен баланың денсаулығын сақтау.

Өкінішке қарай, сәбилер мен ананың қазасы көбейді. Мен перинаталдық қызметтің жай-күйін тексеруге тапсырма берген едім. Оның қорытындысы бойынша тиісті шаралар қабылдануы керек еді. Бірақ барлық жұмыс аудит деңгейінде тоқтап қалды.

Қазіргі перзентханалардың көбі халықаралық талаптарға сай емес. Сондықтан шұғыл шаралар қабылдап, осы мәселені шешу қажет. Жалпы, денсаулық сақтау саласы туралы айтар болсақ, мұнда түйткілді мәселелер көп, –  деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ  almaty.tv-ның хабарлауынша, Президент елімізде созылмалы аурудан қайтыс болып жатқан халықтың саны көп екенін, әсіресе Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше мемлекеттермен салыстырғанда еліміздегі жағдай өте нашар екенін атап өтті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама