×

Солтүстік Қазақстан облысында қайғылы жағдай болды

Бір адам қайтыс болып, 8 адам түрлі дене жарақатын алған

 Самат Жақып 14.07.2022 | 00:25
фото: Halyq Uni

12 шілде күні кешкі сағат 19:30 шамасында «Нұр-Сұлтан – Петропавл» тас жолының 473-ші шақырымында, яғни Қызылжар ауданының орталығы Бескөл ауылының маңында «Volkswagen Golf» пен «Chevrolet Lanos» автокөліктері соқтығысып қалған, деп хабарлайды Halyg Uni тілшісі. 

Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі жүргізуші және 6 жолаушы түрлі дене жарақаттарын алды. Олардың барлығы бірден медициналық мекемелерге жеткізілді. Алайда «Volkswagen Golf»  маркальі темір тұлпардың 64 жастағы жолаушысы аудандық орталық ауруханасында қайтыс болды.

Жол-көлік оқиғасы фактісі ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлігі «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Бірқатар қажетті сараптамалар тағайындалды. Анықтау жүргізілуде.

«Республикалық тасжолдардың бұрылыстарынан өтер кезде барынша сақ болу қажет. Бұл жерлерде арақашықтықты сақтап, жылдамдықты асырмаған жөн. Сондай-ақ, жүргізушілер жол қозғалысының басқа да қатысушыларының жүріс-тұрысына назар аударуы тиіс. Өйтпеген жағдайда оның арты қайғылы аяқталуы мүмкін», - дейді СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы полиция полковнигі Айдын Байматов.

Жалпы Солтүстік Қазақстан облысында соңғы алты айда 127 жол-көлік оқиғасы болған.  Салдарынан 191 адам түрлі дене жарақатын алып, 19 азамат көз жұмды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама