×

8 жылдан кейін Қазақстанда су тапшылығы болуы мүмкін

Комитет төрағасы судың азаюы климаттың өзгеруіне байланысты екенін айтты

 Дастан Жұмабекұлы 13.07.2022 | 18:04
Көрнекі фото

Қазақстанда 2030 жылға қарай су ресурстарының тапшылығы 23,2 текше километрге жетуі мүмкін. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстар комитетінің төраға орынбасары Досбол Бекмағамбетов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтты.

Ол 2000 жылдары орташа көпжылдық өзен ағысы 120 текше километр болса, қазір ол шамамен 102 текше километр болғанын атап өтті.

Оның айтуынша, 2030 жылға қарай өзен ағыны одан әрі 99,4 текше километрге дейін қысқаруы мүмкін.

Қазір су ресурстарының тапшылығы 17 текше километрден асады, ол су экожүйелерінің қажеттіліктері есебінен мәжбүрлі түрде жабылады. Су ресурстарының азаюынан және халықтың, экономика мен экологияның қажеттіліктеріне суды көп пайдалануынан Қазақстанда 2030 жылға қарай су ресурстарының тапшылығы 23,2 текше километрге жетуі мүмкін, –  деді комитет өкілі.

Комитет төрағасы судың азаюы климаттың өзгеруіне байланысты екенін айтты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама