×

Биыл жоғары оқу орындарына 88 111 грант бөлінді

Бұл өткен жылмен салыстырғанда 16%-ға көп

 Дастан Жұмабекұлы 13.07.2022 | 15:22
Көрнекі фото

Биыл еліміздің жоғары оқу орындарына 88 111 грант бөлінді.

Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты.

Baq.kz-тің хабарлауынша, ол Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде түлектерді кешенді қабылдау комиссиясының жұмысын тексерді. Одан кейін БАҚ өкілдеріне сұхбат беріп, жоғары оқу орындарына неше гранттың берілгенін атап өтті.

Оның айтуынша, бүгіннен бастап еліміздің барлық өңірінде қабылдау комиссиясында құжат тапсыру науқаны басталды. Жергілікті жоғары оқу орындарының және ұлттық тестілеу орталығының өзінде құжаттар қабылдануда. Науқан бүкіл ЖОО негізінде ұйымдастырылған. Кез келген талапкерге құжаттарын оқу ордасына барып немесе онлайн түрде тапсыруға мүмкіндік ұсынылып отыр. Zoom, Teams платформалары, телефон арқылы тапсырып, құжаттарын поштамен жолдауына болады.

Биыл бакалавр мен магистратураны қоса алғанда 88 111 грант бөлінді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 16%-ға көп. Олардың ішінде 73 мыңы бакалавриат мамандықтарына арналған, - деді ол.

Ол биылғы жылдың бір ерекшелігі – Президент тапсырмасына сәйкес басымдық техникалық-инженерлік мамандықтарға берілгенін, яғни осы бағытқа гранттардың 60 пайызы бөлінгенін жеткізді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама