×

Путин Татарстан президенті қызметін алып тастады ма?

Рустам Миннихановтың лауазымы басшы болып қалады

 Дастан Жұмабекұлы 13.07.2022 | 09:51
Көрнекі фото

Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путиннің төрағалығымен өткен Мемлекеттік кеңестің отырысында Татарстан Республикасының президенті қызметі алынып тасталып, оның орнына Рустам Миннихановтың лауазымы Татарстан Републикасының басшысы болып жазылды.

Ресейде 2020 жылы 21 желтоқсанда Мемлекеттік кеңестің құрамына өзгерістер енгізу туралы қабылданған жарлықта Татарстан Республикасы президентінің қызметі алынып тасталған болатын.

Кеше Путин осы жарлыққа қол қойды. Енді бұдан былай Мемлекеттік кеңестің отырыстарында Рустам Миннихановтың қызметі Татарстан Республикасының президенті болып жазылмайды деген дерек бар.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама