×

Энергетика министрі отбасының азық-түлікке қанша қаражат жұмсайтынын айтып берді

Бұған дейін Ұлттық экономика министрі де бұл сұраққа жауап берген

 Ербол Тұрымбет 18.11.2021 | 14:26
Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев, informburo.kz

Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев отбасының азық-түлікке айына қанша қаражат жұмсайтынын айтып берді.

Біз де қарапайым халық сияқты өмір сүреміз. Отбасым азық-түлікке ел қатарлы ақша жұмсайды. Әрине, бізге айына 50 мың теңге аздық етеді, шамамен 200 мың теңге жұмсаймыз, - деді министр Сенат кулуарында журналистерге берген сұхбатында.

Еске салайық, Мағзұм Мырзағалиев 9 қыркүйекте Энергетика министрі болып тағайындалды. Ашық дереккөздерде Энергетика министрінің отбасында 5 бала бары жазылған

Бұған дейін Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев азық-түлікке айына шамамен 50-60 мың теңге жұмсайтынын айтқан еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама