×

Қазақстанның ішкі қорында қанша тонна қант бар?

Ауыл шаруашылығы министрлігі 250 мың тонна көлемінде қант пен құрақ шикізатын бажсыз әкелуге квота бөлді

 Қанат Атаманов 12.07.2022 | 21:00
Фото: ашық дереккөздерден

Маусым айында зауыттардың жедел деректеріне сәйкес, ішкі нарықты қамтамасыз ету үшін елімізде шамамен 38 мың тонна қант өндірілген. Оның ішінде Тараз қант зауыты – 18 мың тонна, Көксу зауыты – 9 мың тонна, Меркі қант зауыты – 11 мың тонна қант өндірген, - деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігі. 

Ведомствоның мәліметінше, ауыспалы қор шілде айының басында 27,2 мың тоннаны көрсетті.

Зауыттардың деректеріне сәйкес, шілдеде 37 мың тонна қант өндіру жоспарланған. Шетелден 39,7 мың тонна қант импортталады деп күтіліп отыр. 11 шілдедегі көрсеткіш бойынша республикадағы қант қоры 26,8 мың тонна. Ауыл шаруашылығы министрлігі өніммен қамтамасыз ету үшін 250 мың тонна көлемінде қант пен құрақ шикізатын бажсыз әкелуге квота бөлді.  Қалған 100 мың тоннаны бөлуге өтінімдер қабылданып жатыр. Квоталардың қолданылу мерзімі 31 қазанға дейін ұзартылып, төрт жұмыс тобы құрылған, - делінген министрліктің хабарламасында

Зауыттар, облыс әкімдіктері, ҚР ҚМ МКК, «ҚТЖ» ҰК» АҚ шеңберінде қантты өңірлерге жедел бөлу жүзеге асырылады. Қант өндіру мен жеткізудің апта сайынғы кестесі пысықталып отырады. Сондай-ақ өңірлердің қантпен қамтамасыз етілуіне мониторинг жүзеге асырылады. Жүкті уақтылы кедендік ресімдеу жүргізіліп, тораптық станцияларда тұрып қалуды болдырмау мақсатында қант пен шикізатты тасымалдау процесі қадағалануда.

Сондай-ақ, Үкімет отандық қант нарығындағы жағдайды тұрақтандыру жөніндегі бес жылдық кезеңге арналған іс-шаралар жоспарын мақұлдады, оған жоспар аясында қант қызылшасын егу алаңдарын ұлғайту, суару желілерін қайта құру және салу, қант зауыттарын жаңғырту, ішкі нарықты қорғау, мемлекеттік қолдау шараларын көрсету жөніндегі іс-шаралар кіреді.

Сонымен бірге, қант қызылшасын қайта өңдеуге өткізуді субсидиялау нормативі ұлғайтылады, құрақ шикізатының импорты кезінде ҚҚС-ты нөлге түсіру және қызылша қантын өндіруге ҚҚС-ты 70%-ға төмендету және құрақ қантқа осы жеңілдікті тарату бойынша жеңілдіктің қолданылу мерзімін ұзарту қарастырылып жатыр, - делінген ақпаратта.

Осылайша, Қазақстанның ауыл шаруашылығы министрлігінде ішкі нарықты қантпен қамтамасыз ету үшін пәрменді шаралар қабылдануда.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама