×

Астананың әкімі де Рыбакинаны құттықтады

Қала басшысы теннисті дамытуда қолда бар мүмкіндіктің бәрі жасалатынын айтты

 Дастан Жұмабекұлы 12.07.2022 | 16:34
фото: Алтай Көлгіновтің Facebook-тегі парақшасынан алынды

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов те «Уимблдон» турнирінің жеңімпазы Елена Рыбакинаны құттықтады.

Ол теннисшімен, Теннис федерациясының вице-президенті Юрий Польскиймен, қалалық әкімдікке қарасты «Дәулет» МКҚК директоры Дина Темірғалиевамен кездесіп, спортшыны жеңісімен құттықтап, алдағы жарыстарға сәттілік тіледі.

Кездесуде астанада балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту, жаттықтырушыларды даярлау, салауатты өмір салтын насихаттау проблемаларын талқыланды. Осы жерде әкім теннисті дамыту үшін қолда бар мүмкіндіктің бәрі жасалып жатқанын, қазір қалада үлкен теннистен оқу-жаттығу сабақтары өтетін 5 спорт орталықтың жұмыс істейтінін атап өтті.

Бүгінде қалада инклюзивті топ та бар. Осыған дейін мүмкіндігі аз жас спортшыларға арнап 115 грант бөлінді. Гранттар саны көбейтіледі. Сондай-ақ қажетті жабдықтармен көмектесуді жалғастырамыз. Осы жылдың 5 айында тәрбиеленушілер халықаралық және республикалық турнирлерде бас-аяғы 35 медаль жеңіп алды, –  деді ол.

Кездесуден кейін әкім Facebook-те Елена Рыбкинаның жеңісі спортшыларымызға ерекше ынта беріп, еліміздегі үлкен теннистің дамуын жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік беретінін айтты.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес балалар мен ересектерді бұқаралық спортқа жұмылдыру үшін тиісті жағдай жасау бойынша жұмыс істейміз, балалар мен жасөспірімдер спортын, федерацияны қолдаймыз. Елена Рыбакинаны, оның командасын, жанкүйер қауымды үлкен жеңісімен кезекті рет құттықтаймын!, – деді әкім.

Бүгін Рыбакинаны Премьер-министр Әлихан Смайылов та құттықтады. Енді теннисші Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездеседі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама