×

Жас ана он екінші сәбиін дүниеге әкелді

Қазір ол 8 ұл, 4 қыз босанып, «Күміс алқа» мен «Алтын алқа» иегері болып отыр.

 Дастан Жұмабекұлы 12.07.2022 | 15:58
фото: inbusiness.kz

Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданында тұратын Айнұр Жұманбетова он екінші сәбиін босанды.

Inbusiness.kz-тің хабарлауынша, Маңғыстау облыстық «Ана мен бала» орталығының директоры Жапырақ Епенованың айтуынша, ұл бала табиғи жолмен туған. Салмағы – 3 ктло 770 гр, бойы – 55 см.

Ал Айнұрдың өзі 1985 жылы туған. 18 жасында тұрмысқа шыққан. Ол жұбайы екеуі он екінші перзентіне Мұхаммед-Әмин деген есім беріпті. Қазір 8 ұл, 4 қыз тапқан жас ана «Күміс алқа» мен «Алтын алқа» иегері болып отыр.

Оның жолдасы дәнекерлеуші болып жұмыс істейді. Былтыр олар көп балалы отбасы ретінде мемлекет тарапынан арендалық пәтер алған.

Біздің тұңғышымыз 17 жасқа толады. Биыл 11-сыныпты оқиды. Әскери қызметкер болуды жоспарлап отыр. Екінші ұл 9-сынып бітіріп, колледжге құжат тапсырып жатыр. Кішісі 1,5 жаста. Жолдасым да, өзім де көп балалы отбасынан шыққанбыз. Енді балаларымызға жақсы білім, тәрбие беріп, елге қамқор азамат қылып өсірсек арманымыз жоқ. Алла беріп жатса, әлі де бала тууға дайынмын, – деді ардақты ана. 

Айнұрдың айтуынша, олар жолдасының айлығы және балалардың жәрдемақысымен ел қатарлы өмір сүріп келеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама