×

Таразды қою түтін басты (ВИДЕО)

Жауапты тұлғалардың қатысуымен жұмыс тобы құрылды

 Халық үні 11.07.2022 | 22:47
фото: inform.kz

Бүгін сағат 20.00-де Тараздағы «Казфосфат» ЖШС минералды тыңайтқыштар зауытынан шыққан қою түтін қалаға тарады, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Алдын ала жүргізілген талдаулардың нәтижесі бойынша фтор қосылыстарының шамалы жоғарылағаны байқалады.

Қазіргі уақытта минералды тыңайтқыштар зауыты мен қаланың санитарлық шекарасында азот секілді басқа заттардың көбеюі анықталмаған.

Облыс әкімінің тапсырмасымен экологтар, Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары және басқа да жауапты тұлғалардың қатысуымен жұмыс тобы құрылды.

«Жұмыс тобын Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Рүстем Дәулет басқарады. Қазіргі уақытта басқа да аймақтарда зерделеу жұмыстары жалғасуда. Тұрғындарды сабыр сақтап, тек ресми ақпаратқа сенуге шақырамыз!», - деп хабарлады әкімдіктен.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама