×

Зеленский Украинаның оңтүстігін азат етуге бұйрық берді

Ол қарулы күштердің басшылығына миллион әскер жинауды тапсырды

 Дастан Жұмабекұлы 11.07.2022 | 14:42
фото: russian.rt.com

Украинаның президенті Владимир Зеленский елдің оңтүстік аумағын Ресей басқыншыларынан азат етуге бұйрық берді.

Бұл туралы Украинаның қорғаныс министрі Алексей Резников хабарлады.

Ол қарулы күштердің жоғарғы қолбасшысының бұйрығын орындауға Батыс елдерінің қару-жарақтарымен қамтамасыз етілген миллионнан астам әскери күштің жұмылдырылатынын айтты.

Украинаның қарулы күштеріне елдің оңтүстігіндегі жерлерді түгел азат етуге бұрық берілді. Өйткені, бұл жерлер еліміздің экономикасы үшін аса маңызды. Президент армияның қолбасшыларына тапсырма берді. Бас штаб жоспар құрып жатыр. Жоспарға сәйкес, мен Батыс елдеріне хат дайындап, қандай көмек керектігін жаздым, - деді ол.

Ресей қарулы күштерінің өкілдері болса, Украина оңтүстіктегі жерлерін ешқашан қайтара алмайтынын мәлімдеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама