×

Рыбакина 12 шілдеде Нұр-Сұлтанда жанкүйерлермен кездеседі

Сондай-ақ теннисші БАҚ өкілдеріне сұхбат береді

 Дастан Жұмабекұлы 11.07.2022 | 14:03
фото: ktf.kz

Теннис федерациясының хабарлауынша, бүгін, 11 шілдеде «Уимблдон» турнирінің жеңімпазы Елена Рыбакина Нұр-Сұлтан қаласына ұшып келеді.

Ол осында сейсенбі күні БАҚ өкілдеріне баспасөз-мәслихатын өткізіп, содан кейін жас спортшылармен және жанкүйерлермен кездеседі.

Құрметті қазақстандықтар! Мен үйге бара жатырмын. Сіздер мені «Уимблдон» турнирінде қатты қолдадаңыздар. Сол үшін сіздерге алғыс айтамын. Мен оны сезіп жүрдім. Біздің жеңісіміз тарихтың қойнауына кетті. Мен әлі де өз-өзіме сене алмай жүрмін, – деді ол.

Теннис федерациясы бұдан басқа мәлімет берген жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама