×

Елімізде тек бір өңірде коронавирус жұқтыру дерегі тіркелген жоқ

Бүгінде 14 науқастың жағдайы ауыр

 Дәурен Ерболат 11.07.2022 | 10:28
Фото: ТАСС

Қазақстанда COVID-19 жұқтырғандар саны азайды, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.

Өткен тәулікте коронавирус жұқтырудың 454 дерегі тіркелді:

  •  Нұр-Сұлтан қаласында – 118,
  •  Алматы қаласында – 200,
  •  Шымкент қаласында – 23,
  • Ақмола облысында – 7,
  •  Алматы облысында – 30,
  •  Атырау облысында – 16,
  •  Шығыс Қазақстан облысында – 3,
  •  Жамбыл облысында – 17,
  •  Батыс Қазақстан облысында – 1,
  •  Қарағанды облысында – 11,
  •  Қостанай облысында – 3,
  •  Қызылорда облысында – 12,
  •  Маңғыстау облысында – 2,
  •  Павлодар облысында – 5,
  •  Солтүстік Қазақстан облысында – 3,
  •  Түркістан облысында – 3,
  • Ақтөбе облысында – 0.

 Осылайша, елімізде COVID-19 жұқтырғандар саны 1 309 888 адамға жетті.

Сондай-ақ 126 адам коронавирустан айықты:

  • Нұр-Сұлтанда – 40,
  • Алматыда – 74,
  • Атырау облысында – 9,
  • Павлодар облысында – 2,
  • Түркістан облысында – 1.

Қазақстанда барлығы 1 293 448 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.

11 шілдедегі мәлімет бойынша, 2 837 адам коронавирустан емделіп жатыр.

Олардың ішінде 291 науқас стационарда, 2 546 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 14 адамның жағдайы ауыр, ал жағдайы өтеу ауыр және өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған науқас жоқ, - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, кеше Қазақстанда 477 адам COVID-19 жұқтырған еді.

Бүгінде тек Алматы қаласы «сары» аймақта тұр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама