×

Шымкентте департамент басшысының орынбасары ұсталды

Ол пара алды деген күдікке ілінген

 Халық үні 10.07.2022 | 14:32
Фото: ашық дереккөздерден

Шымкентте қылмыстық атқару-жүйесі департаменті басшысының орынбасары ұсталған бейнежазба тарады.

Департамент басшысының орынбасары ұсталғаны жайлы бейнежазбаны "Отырар" телеарнасы көрсетті. Ақпаратта шендінің қызметін асыра пайдаланып, қарамағындағылардан пара алғаны айтылады. Күдікті Шымкенттегі уақытша қамау изоляторына жабылған.

Ішкі істер министрлігінде ақпаратты растады.

Департамент басшысының уақытша міндетін атқарған күдікті қызметтік кабинетінде ұсталды. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары пара алу фактісімен жүргізілуде. Оған қатысты бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі шешілуде, — делінген ІІМ ақпаратында.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама