×

Ереуілшілер Шри Ланкада ел президентінің резиденциясын басып алды

Олар полиция тосқауылдарын бұзып өткен

 Халық үні 09.07.2022 | 17:53
Фото: ашық дереккөздерден

Шри Ланка астанасы Коломбода наразылық білдірушілер ел Президенті Готабая Раджапаксаның резиденциясын басып алды, деп хабарлайды BBC.  

Ол өміріне төнген қауіптен қорқып, қашуға мәжбүр болды.

Жаппай наразылықтардың туындауына Шри Ланка шенеуніктерінің жемқорлығы, елдегі инфляция себебінен экономикалық және саяси дағдарыстың шиеленісуі әсер етті. Аталған Оңтүстік Азия еліндегі толқулар 2022 жылдың 15 наурызында басталған.

Наразылық білдіруші тарап Готабая Раджапакса мен оның отбасы басқаратын үкіметтің отставкаға кетуін талап етіп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама