×

Пәкістанда су тасқынынан 77 адам қаза тапты

Жауын елдің төрт өңірінде болған

 Дастан Жұмабекұлы 08.07.2022 | 18:14
фото: unn.com.ua

Пәкістанда нөсер жаңбыр жауып, су тасқынынан 77 адам қаза тапты.

Unn.com.ua-ның хабарлауынша, нөсер жауын Белуджистан, Пенджаб, Хайбер-Пахтунхва провинциясы мен Гилгит-Балтистан аймағында жауған.

Белуджистанда 5 шілдеден бері болған апаттан 39 адам қаза тапты. Олардың бесеуі суға кетсе, төрт бала ғимарат қабырғасының астында қалып қайтты.

Жауын-шашыннан жеті бөгет жарылып, бірқатар аудан су астында қалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама