×

370 млн теңгеге жалған құжат жасаған ұры ұсталды

Ол осы іспен үш жыл айналысқан

 Дастан Жұмабекұлы 08.07.2022 | 16:02
Көрнекі фото

Қызылордада 370 млн теңгеге жалған шот-фактуралар жазып беріп отырған жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің иесі ұсталды.

Қаржылық мониторинг агенттігінің облыстық департаменті бірнеше компаниямен заңсыз мәмілелер жасап, 2018 – 2021 жылдар аралығында жалған құжат жасаумен айналысқан компанияны әшкереледі.

Almaty.tv телеарнасының мәліметіне қарағанда, компания салықтан жалтару үшін әртүрлі тауарға есеп айырысқан.

Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті төленбеген салық түрінде барлығы 118 млн теңге көлемінде мемлекетке залал келтірілгенін анықтады. Сот үкімімен серіктестік басшысы Избасар Айбек кінәлі деп танылып, 6 ай мерзімге бас бостандығын айыру жазасы тағайындалды, – деді Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділов.

Өткен жолы Қарағандыда жалған шот-фактура жасаумен айналысқан бір адам ұсталған болатын. Олар 2017 – 2019 жылдары 265 млн теңгеден астам сомаға жалған құжат жасаған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама