×

Алматыда да LRT салынуы мүмкін

Биыл қазанда жобаға қатысты шешім қабылданады

 Дәурен Ерболат 07.07.2022 | 17:31
Фото: Нұрдәулет Әбікеев

Алматыда LRT салу мәселесі қаралып жатыр. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев айтты, деп хабарлайды Halyq Unі тілшісі.

Менің ойымша, Алматыға LRT керек. Қалада Төле би көшесі бойында салынған трамвай жолдары бар. Оның орны қалды. Жобаны дамытуға мүмкіндік бар. Бірақ халықпен кездесуде «бұл мәселеге қатысты шешімді биыл қазанның басына дейін қабылдаймыз» деп айтқанмын. Себебі осыған дейін Алматыда LRT-ға ұқсас бірнеше жоба істелген... Алайда жобаның бағасын ескеріп, мүмкіндімізге қараймыз. Алматыға LRT керек деп ойлаймын, - деді қала әкімі.

Айта кетейік, осыған дейін елордада LRT құрылысының аяқталатыны хабарланған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама