×

Борис Джонсон отставкаға кетуге дайындалып жатыр

Ол жыныстық жанжалға байланысты қызметімен қош айтысады

 Дастан Жұмабекұлы 07.07.2022 | 17:12
фото: kommersant.ru

BBC-дің хабарлауынша, бүгін Ұлыбританияның премьер-министрі Борис Джонсон қызметінен кетеді.

Агенттіктіктің саяси редакторы Крис Мейсонның айтуынша, алдағы сағаттарда ол ресми мәлімдеме жасайды.

Борис Джонсон Консервативтік партияның жетекшісі қызметінен кетеді. Бірақ премьер-министр қызметін күзге дейін жалғастырады, - деді ол.

Ұлыбританияда Борис Джонсонның Үкіметінің құрамында жыныстық жанжалға қатысы бар адамдар туралы алып-қашпа әңгімелер бірнеше айдан бері жалғасып келеді. Осы аптада ол шарықтау шегіне жетті.  Премьер-министр солар үшін де бірнеше айдан бері кешіріп сұрап жатыр. Бірақ Парламент депутаттары мен кейбір министрлер жыныстық дау-дамайға қатысы бар әріптестерімен жұмыс істеуден бас тартатындарын айтуда. Мысалы, олар Джонсон Үкіметінің мүшесі Крис Пинчер жеке клубта екі ер адамға жыныстық зорлық көрсетті деп айыпталып отыр.

Осыған байланысты бүгінге дейін Джонсон Үкіметінің 57 мүшесі отставкаға кетті. Енді Ұлыбританияда Джонсоннан отставкаға кету талап етіліп отыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама