×

Бибісара Асаубаева қола жүлдені қанағат тұтты

Ол Олимпиада алдында ойын жинақтап, шыңдалғанын айтты

 Дастан Жұмабекұлы 07.07.2022 | 14:03
Фото: Instagram.com

Шахматтан әлем чемпионы Бибісара Асаубаева Сербияда өткен Serbian Chess Open-2022 турнирінде қола жүлдені иеленді.

Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында жазды.

Олимпиада алдында ойымды жинақтап, шыңдалдым. «Сербия опен» турнирінде әйелдер арасында үшінші орын алып, шахматтағы рейтингімді көтеріп алдым. Енді өзім сыйлайтын жаттықтырушыларыммен оқу-жаттығу жиынына жиналамын, – деді ол.

Ол  қолдау үшін барша жанкүйерге алғыс айтып, елорда күнімен құттықтады.

Бибісара Асаубаева 2004 жылы Тараз қаласында туған. 18 жаста. 2019 жылы әйелдер арасында халықаралық гроссмейстер атағын алған. 2020 жылы ерлер жарыстарының халықаралық шебері болды. 2021 жылы шахматтан блиц бойынша ең жас әлем чемпионы атанды. 2021 жылы рапид бойынша әлем чемпионатының күміс медалін жеңіп алды. Былтыр Азия чемпионы атағын иеленді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама