×

Антикор қайтыс болған ДСМ қызметкеріне қатысты марқұмның туыстарынан кешірім сұрады

Лариса Пак 2019 жылы қайтыс болған, ал 2020 жылы толық ақталған

 Айнұр Шошаева 07.07.2022 | 09:13
көрнекі фото: ашық дереккөзден

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Денсаулық сақтау министрлігі фармация комитеті бұрынғы төрағасының міндетін атқарушы Лариса Пакқа қатысты қылмыстық істі тергеуге қатысқан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының бұрынғы қызметкерлерінің рұқсат етілмеген тергеу әдістерін қолдану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

2017 жылдан бастап 2018 жылға дейінгі кезеңде тергеу-жедел тобы қылмыстық істі тергеді, ол кейіннен қылмыс құрамының болмауына байланысты тоқтатылды.

2019 жылдың 6 шілдесінде іс бойынша күдікті Л.Ю. Пак қайтыс болды.

2020 жылдың 7 желтоқсанында Антикор Лариса Пак әрекеттерінде қылмыс құрамының болмауына байланысты толық ақталғанын хабарлады.

Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі таратылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының құқықтық мұрагері ретінде Лариса Юн-Бойевна Пактың туыстарына қайғырып көңіл айтады және келтірілген зиян үшін ресми кешірім сұрайды, – делінген Антикор хабарламасында.

Қазір тергеу жалғасып жатыр, өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама