×

Семей тұрғыны өз қаражатына жағажай салмақ

Жағажайдың аумағы шамамен екі гектардан асады

 Қанат Атаманов 07.07.2022 | 08:00
Фото: inform.kz

Грек-рим күресінен жаттықтырушы Ержан Әмірханов тамаша бастаманы қолға алды. Ол жеке қаражатына жағажай салмақшы. Шаһар тұрғыны жағажайға қажет жерді де таңдап қойған, деп хабарлайды 24.kz.

Бапкер жақында Ертісте суға кеткен жеткіншектің өлімінен кейін осындай ой келгенін айтады. Мұнда құтқарушылар мен медицина қызметкерлері кезекшілікте отырады. Жағажайдың аумағы – екі гектар. Қазір болашақ жағажадайдың маңайы арнайы техниканың көмегімен тегістеліп жатыр.

Семейде қазір шомылуға рұқсат етілген бірде бір жағажай жоқ. Өкінішке қарай, біздің өңір биыл статистика бойынша балалардың суға батуы жөнінен бірінші орында. Бұл алаңдайтын жағдай. Сондықтан жайлы да қолайлы жағажай қажет. Соған барымызды саламыз. Ең бастысы – тегін. Волейбол, футбол алаңдары да болады, - дейді Ержан Әмірханов.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама